Categories Жайық news

Тарихи жеңіс: Президент 32 жылдан соң Олимпиада алтынын әкелген Михаил Шайдоровты марапаттады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы, мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоровты Ақорда резиденциясында марапаттады. Бұл жеңісті «тарихи» деп атаған Президент спортшыға және оның жаттықтырушыларына мемлекеттік наградаларды табыстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Салтанатты рәсімде сөз алған Тоқаев бұл Олимпиаданың Қазақстан үшін орны ерекше екенін атап өтті.

– Отандасымыз Михаил Шайдоров тамаша өнер көрсетті. Мәнерлеп сырғанаудан алтын медальға ие болып, көк Туымызды Олимп шыңына көтерді. Сондықтан Михаилға алғысымды білдіремін. Сіздер қажырлы еңбектің арқасында Михаилды мықты спортшы, нағыз дарын иесі ретінде бүкіл әлемге паш еттіңіздер. Халқымыз Михаилды мақтан тұтады, ал жас буын одан үлгі алады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент Михаил Шайдоровтың жеңісін еліміз үшін теңдесі жоқ жетістікке балады. Оның айтуынша, бұл жеңіс – бірнеше себепке байланысты аса маңызды оқиға.

– Біріншіден, бұл – көптен күткен, яғни, 32 жылдан кейін қол жеткізген тарихи жүлде. Екіншіден, бұл – мәнерлеп сырғанаудан ел қоржынына түскен алғашқы Олимпиада алтыны. Үшіншіден, күллі әлем елімізде әйгілі спортшы Денис Теннің жолын жалғастыратын дарынды жастардың бар екеніне куә болды. Кортина д’Ампеццо мұз айдынында отандасымыздың жұлдызы жарқырады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің сөзінше, мұндай жетістікке темірдей тәртіп пен тынымсыз еңбектің арқасында ғана жетуге болады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ: BATYS AGROHUB ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАСЫ – БАРЛЫҚ АУДАНҒА ҮЛГІ БОЛАРЛЫҚ БЕРЕКЕЛІ БАСТАМА

Облыс әкімі Нариман Төреғалиев Бөрлі ауданына жұмыс сапары аясында Пугачево ауылындағы агробизнес орталығына барды. Batys…

АҚСАЙ ҚАЛАСЫНДА ЖАҢҒЫРТЫЛҒАН ТЕМІРЖОЛ ВОКЗАЛЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Ақсай қаласында толық жаңғыртылған «Қазақстан» теміржол вокзалының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға облыс әкімі Нариман…

БҚО-ДА СЕМИГЛАВЫЙ МАР СТАНЦИЯСЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

Батыс Қазақстан облысындағы ең көне вокзал ғимараты сүріліп, жаңадан салынды. Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар станциясының…