Categories Жайық news

Сәпиевке қатысты дау: Министр «оның спортшы екеніне назар аударудың қажеті жоқ» деді

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Қарағанды облыстық спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев пен оның орынбасары арасындағы жанжалға қатысты пікір білдіріп, бұл жағдайды «спортшымен болған оқиға» деп ерекшелемеуге шақырды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетейік, 21 қаңтарда Қарағандыда Серік Сәпиев пен оның орынбасары Дәурен Есімханов арасында кикілжің болған. Олимпиада чемпионы мұны «кадр саясатына заңсыз араласу әрекетінен» туындағанын мәлімдеген еді.

Үкіметте өткен брифингте министр бұл оқиғаға қатысты өз ойын айтты.

«Менің ойымша, бұл оқиға нақты спортшымен болды деп ерекше назар аударудың қажеті жоқ. Яғни, бұл жағдай әкімдіктің ішінде болды. Қазір Мемлекеттік қызмет істері агенттігі тексеріс жүргізіп жатыр, оның қорытындысы бойынша бізге хабарлайды», – деді Ербол Мырзабосынов.

Министрдің сөзінше, тексеріс нәтижелері шыққаннан кейін ғана нақты шешім қабылданады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Жерді сату мен жалға беру: Қазақстанда тағы үш маңызды қызмет онлайнға көшті

Қазақстанда жер телімін жалға алу мерзімін ұзарту, оны жеке меншікке сату және нысаналы мақсатын өзгерту…

Мектеп пәндерін біріктіру тоқтатылды: Министрлік даулы реформадан бас тартты

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова физика, химия, биология сияқты негізгі пәндерді біріктіру реформасының тоқтатылғанын мәлімдеді.

Алтын кубок Алматы төрінде: мыңдаған жанкүйер аты аңызға айналған жәдігерді тамашалады

Футболдан FIFA әлем чемпионатының алтын кубогы Алматыға жеткізілді. Аты аңызға айналған жәдігерді көруге 3500-ден астам…