Categories Саясат

Энергиямен жабдықтаушы компаниялар лицензия алады: Қошанов жаңа талапты жариялады

Енді энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметі лицензияланады. Бұл туралы «AMANAT» партиясының Кәсіпкерлер қанатының энергетика саласы өкілдерімен кездесуінде Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Жиында тариф саясатын жетілдіру, энергетикалық кәсіпорындарды кадрмен қамтамасыз ету сынды өзекті мәселелер көтерілді.

«Энергиямен жабдықтаушы компаниялардың қызметі лицензияланатын болады. Бұл – тұтынушылардың құқығын қорғау және сапаны арттыру үшін қажетті қадам», – деді Ерлан Қошанов.

Сондай-ақ, партия өкілдері саладағы заңнаманы жетілдіру және инвестиция тарту мәселелерін де талқылады. Алдағы уақытта бұл бастамаларды іске асыру үшін нақты жол картасы әзірленбек.

Ұқсас жазбалар

Қытай парламентінің басшысы Қазақстанға келді: Мәжіліс төрағасымен кездесті

Қытай парламентінің басшысы Чжао Лэцзи Қазақстанға ресми сапармен келді. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов оны қарсы…

Еуразиялық топтың (ЕАТ) 44-пленарлық апталығы аяқталды

Ашхабад қаласында (Түрікменстан) Қылмыстық кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл жөніндегі Еуразиялық топтың…

Кения президенті Қазақстанға келді: ынтымақтастықтың жаңа кезеңі басталды

Тәуелсіздік сарайында Кения Президентін ресми қарсы алу рәсімі өтті. Бұл сапар екі ел арасындағы ынтымақтастықтың…