Categories Жайық news

Ресейде қауіпті індет тарады: Қазақстанда малға жаппай вакцина салынады

Ресейдегі эпизоотиялық ахуалдың нашарлауына байланысты Қазақстан малды шұғыл вакцинациялау шараларын қолға алды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Көрші елдің Новосібір облысында қауіпті инфекцияның таралуына байланысты мал жаппай тәркіленіп, жойылып жатыр. Осыған орай Қазақстан Үкіметі шұғыл түрде вакцина сатып алу туралы шешім қабылдаған.

«Біз өткен аптада Ауыл шаруашылығы министрлігі арқылы тиісті препараттарды шұғыл сатып алу туралы қаулыны мақұлдадық. Енді барлық мал толық вакцинацияланады. Әсіресе шекарадағы ветеринарлық бақылау күшейтілді. Сондықтан қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселемен белсенді айналысып жатыр», – деді Қанат Бозымбаев Парламенттің бірлескен отырысынан кейінгі брифингте.

Ол Қазақстанда жануарлар арасында індет жұқтырудың елеулі дерегі тіркелмегенін атап өтті.

Айта кетейік, Ресейдің Новосібір облысында қаңтар айынан бері бес ауданда пастереллез індетінің таралуына байланысты карантин жарияланған. Алайда жергілікті фермерлер әлеуметтік желіде бұл аурудың антибиотиктермен емделетінін, сондықтан малды жаппай жоюды қажет етпейтін жеңіл инфекция екенін жазып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…