Ағымдағы жылдың 23 қаңтар күні Орал қаласындағы «Шаған» гараж кооперативі аумағында жоспарлы түрде терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының ұйымдастыруымен оқу жаттығу өткізілетін болады.
Осыған байланысты, сағат 16:00 ден 19:00-ге дейін «Шаған» гараж кооперативі аумағында автокөлік пен халықтың қозғалысына қысқа уақытқа шектеулер болуы мүмкін.
Қозғалыс бағытын алдын-ала ойластыруды, сабырлық сақтауды және құқық қорғау қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұраймыз.
БҚО ЖШ БАҚ-пен өзара іс-қимыл тобы

