Categories Жайық news

Оралда құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша комиссия отырысы өтті

Орал қаласы әкімдігінде қала әкімі М.Байменовтің төрағалығымен құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелеріне арналған қалалық бірлескен комиссияның отырысы өтті.

Жиында қаладағы құқық бұзушылық профилактикасы, қоғамдық орындардағы тәртіп, отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстар және интернет алаяқтықтарының алдын алу шаралары талқыланды.

Баяндамалар жасағандар:

  • қалалық полиция басқармасы бастығының орынбасары Ж.Т. Иманалиев;
  • ТКШ, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы А.Б. Нұрмақов;
  • білім беру бөлімінің басшысы А.З. Қайржанова;
  • жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Е.Н. Каримов.

Сонымен қатар, ойын алаңдарын жарықтандыру, бейнебақылау орнату және абаттандыру арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар қаралды.

Қала әкімі М.Байменов қауіпсіз қала қалыптастыру – барлық органдардың ортақ міндеті екенін атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Менің Оралым

Батыс Қазақстанның жүрегінде орналасқан Орал қаласы – тарих пен заманауи өркениет тоғысқан ерекше мекен. Еуропа…

Оралдың жылу жүйесі жаңарды

Қаланың инфрақұрылымдық жүрегі – жылу жүйесі. Әкім Мұрат Байменовтың айтуынша, соңғы жылдары бұл салада ауқымды…

Оралда жаңа мектептер салынып, білім инфрақұрылымы жаңарып келеді

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов халық санының өсуіне байланысты жаңа мектептер салудың маңыздылығын атап өтті.…