«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райының қандай болатынын болжады. Елдің үш мегаполисінде күн райы үш түрлі болады деп күтілуде, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Астана қаласы бойынша:
4 ақпанда елордада күн құбылмалы, жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -18-20°С аяз, күндіз -3-5°С.
5 ақпанда күн бұлтты болып, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, бұрқасын соғады. Оңтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде -4-6°С, күндіз -1…+1°С шамасында болады.
6 ақпанда да құбылмалы ауа райы сақталады: мезгіл-мезгіл жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -1…+1°С.
Алматы қаласы бойынша:
4 ақпанда күн құбылмалы, түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбыр, қар) болуы мүмкін. Тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1…+1°С, күндіз +6…+8°С жылы.
5 ақпанда жауын-шашынсыз, бірақ түнде және таңертең тұман түседі. Шығыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0…-2°С, күндіз +8…+10°С дейін көтеріледі.
6 ақпанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр аралас қар жауады. Түнде және таңертең тағы да тұман күтіледі. Батыстан соғатын желдің жылдамдығы 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде 0…+2°С, күндіз +6…+8°С.
Шымкент қаласы бойынша:
4 ақпанда оңтүстік мегаполисте күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°С, ал күндіз көктемгідей жылы: +15…+17°С.
5 ақпанда күн құбылмалы, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, жылдамдығы 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде +4…+6°С, күндіз +15…+17°С.
6 ақпанда мезгіл-мезгіл жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде де, күндіз де +2…+4°С болады.

