Categories Жайық news

Маңғыстау облысында ондаған үйді су басты: Әкімдік жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында қардың еруі салдарынан ондаған тұрғын үй аумағын су басты. Жергілікті билік зардаптарды жою жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жыл басынан бері Мұнайлы ауданының тұрғындарынан су басуға қатысты жүзге жуық өтініш келіп түскен. 25 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қызғалдақ көшесіндегі алты үйге су кірсе, тағы 75 үйдің ауласы су астында қалған.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің хабарлауынша, көп жағдайда су үй маңындағы аумақтарда уақытша жиналған және тұрғын үйлерге айтарлықтай залал келмеген.

Қазіргі уақытта арнайы мамандар сорғылар мен дренаж жүйелерінің көмегімен суды тарту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Су басу салдарын жою шаралары жалғасуда.

Аудан тұрғындарына су басу жағдайында +7 702 591 11 60 нөміріне хабарласуға кеңес берілді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…