5 ақпан күні сағат 13:42-де Алматы және Жетісу облыстарының бірнеше ауданында жер сілкінісі сезілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
«Сейсмологиялық зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінің мәліметінше, жер дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 284 шақырым жерде, Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 11.2, магнитудасы – 5.0.
MSK-64 шкаласы бойынша 3 баллдық дүмпу Жетісу облысының Жаркент, Текелі, Сарқан қалаларында және Жансүгіров ауылында байқалды.
Ал Талдықорған, Үштөбе қалаларында, Қарабұлақ, Балпық би, Шонжы, Сарыөзек, Қырғызсай, Көкпек және Шелек ауылдарында 2 балл деңгейінде сезілген.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен ғимараттардың қирауы туралы ешқандай ақпарат тіркелген жоқ.

