БҚО: Қысқы мал азығының 81%-ы дайын

Батыс Қазақстан облысында 2025–2026 жылғы қысқы мал қыстағына дайындық жоспарлы түрде жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында БҚО Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Жолдыбайұлы мәлімдеді.

«Облыс бойынша 1 млн 222 мың шартты мал басын қыстан аман алып шығу үшін 2,3 млн тонна шөп пен 275,6 мың тонна жем қажет. Қазіргі таңда 1,452 млн тонна шөп дайындалып, бұл жоспардың 62,7%-ын құрап отыр. Өткен жылдан қалған 421,7 мың тонна қорды қосқанда, жалпы дайындалған көлем 1,874 млн тоннаға жетіп, қажеттіліктің 81%-ы қамтамасыз етілді», — деді спикер.

Шөп дайындау науқанына облыс бойынша 4 051 орақ жұмылдырылған. Ақжайық, Бәйтерек, Қаратөбе, Сырым, Теректі және Шыңғырлау аудандары жоспардың 75 пайызынан астамын орындаса, шөп шығымдылығы төмен болған Жәнібек пен Қазталов аудандарында дайындық баяу жүріп жатыр. Бұл аудандардағы шаруалар қажетті шөпті облыстың басқа аудандарынан дайындап, тасымалдауда.

Облыс қысқы мал қыстағына қажетті жем-шөппен толық қамтамасыз етіледі. Дайындау жұмыстары жалғасуда.

ӨКҚ-ақпарат

Ұқсас жазбалар

Венесуэладағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3,3 мыңнан асты

Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 3342-ге жетіп, жарақат алғандар 16,7 мыңнан асты. 6462…

Астана күні елордада 24 сәби дүниеге келді

6 шілдеде Астана күні сағат 00:00-ден бастап елордада 24 нәресте өмірге келді. Бұл туралы қала…

Синоптиктер 6 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады

Қазақстанның басым бөлігінде 6 шілдеде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Солтүстік және шығыс өңірлерде найзағай мен…