Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды

Атырауда журналистке «10 млн теңге бопсалады» деген айып тағылды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Атырауда 36 жастағы журналист қомақты қаражат талап етті деген күдікпен ұсталды. Полицейлердің мәліметінше, ол жергілікті кәсіпкерден 10 миллион теңге алып бермесе, компания қызметіне қатысты бейнематериалды жариялаймын деп қорқытқан.

Құқық қорғаушылар күдіктіні қаладағы қонақ үйлердің бірінде қолға түсірген. Қазір оған қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеушілер бұл іске басқа адамдардың қатысы болуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Ұқсас жазбалар

Таиландтағы Пхукетте қазақстандық әйел бірнеше жол апатын жасап, полициядан қашты

Таиландтың Пхукет аралында Қазақстан азаматшасы бірнеше жол апатын жасап, полициядан қашты. Оның көлігі микроавтобус пен…

Филиппиндегі мектепте болған атыстан үш оқушы қаза тапты

Филиппиннің Таклобан қаласындағы мектепте атыс болып, үш оқушы қаза тауып, жеті жасөспірім жарақат алды.

Астанада автобус пен пойыз соқтығысып, жүргізуші жауапқа тартылды

Астанадағы Лесозавод ауданында №30 автобус пойызбен соқтығысып, жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Зардап шеккендер жоқ.