Categories Спорт

Шерзод Давлатов дзюдодан Еуропа кубогында чемпион атанды

Сурет: Қазақстан дзюдо федерациясы

Чехия астанасы Прагада өтіп жатқан дзюдодан ерлер мен әйелдер арасындағы Еуропа кубогында Шерзод Давлатов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірген жоқ. Финалда ол Франция өкілі Мотоли Бонгамбе Янді уақытынан бұрын тізе бүктіріп, жеңіс тұғырына көтерілді.

Дәл осы салмақта Нұрәділ Әлжан ел қоржынына қола жүлде салды. Жұбаныш финалында ол тағы бір командаласы Сұңғат Нұратұлынан басым түсті.

Еуропа кубогіне 38 елден 412 татами шебері қатысып жатыр. Жарыс 28 маусымға дейін жалғасады.

Еске салсақ, бұдан бұрын Париж Олимпиадасының қола жүлдегері, 66 келідегі Ғұсман Қырғызбаев Циндао Гран-приінде күміс алды. Отандасымыз финалда осы салмақтың айқын фавориті, 2 дүркін Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы Хифуми Абэмен (Жапония) белдесіп, жол берді.

Ұқсас жазбалар

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды. Алғашқы болып Канада мен…