Categories Әлем

Трамп Гренландиядан кейін Чагос аралдарын сатып алуды қарастырып жатыр

Сурет: foxbusiness.com

АҚШ президенті Дональд Трамп Үнді мұхитындағы Чагос аралдарын сатып алу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл қадам стратегиялық маңызды Диего Гарсия әскери базасын ұзақ мерзімге бақылауда ұстау үшін жасалып отыр, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

АҚШ әкімшілігі Чагос архипелагын сатып алу мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл аралдар Маврикийден шамамен екі мың шақырым солтүстік-шығыста орналасқан.

The Telegraph басылымының мәліметінше, Вашингтон АҚШ-тың шетелдегі ең маңызды әскери нысандарының біріне ықпалын жоғалтып алудан қауіптенеді.

Чагос де-юре архипелагы Маврикий құрамына кіреді, ал бұған дейін Ұлыбританияның бақылауында болған. Ондағы ең ірі арал — Диего-Гарсияда стратегиялық маңызы зор бірлескен британ-америкалық әскери база орналасқан. Бұл нысан Үнді мұхиты, Таяу Шығыс және Азия-Тынық мұхиты өңірлеріндегі операцияларда маңызды рөл атқарады.

2025 жылдың мамырында Лондон мен Маврикий Чагос аралдарына қатысты келісімге келген. Құжатқа сәйкес, Ұлыбритания архипелагқа қатысты Маврикийдің егемендігін мойындауы тиіс болған. Есесіне британ тарапы Диего-Гарсия базасын тағы 99 жыл пайдалану құқығын сақтап қалатын еді.

Бастапқыда Дональд Трамп бұл келісімді қолдағанымен, кейін оны «үлкен ақымақтық» деп сынады. 2026 жылдың сәуірінде Ұлыбритания архипелагты Маврикийге беру процесін тоқтатты.

Reuters агенттігіне АҚШ әкімшілігінің өкілі хабарлағандай, Трамп Диего-Гарсия базасын елдің ұлттық қауіпсіздігі үшін таптырмас нысан деп санайды. Вашингтонда аралдардың толықтай Маврикий бақылауына өтуі америкалық мүдделерге қосымша қауіп төндіруі мүмкін деген пікір бар.

Әзірге тараптар арасында ресми келіссөздердің басталғаны туралы мәлімдеме жасалған жоқ.

Ұқсас жазбалар

АҚШ-та бизнес-джет тас жолға құлап, бір адам қаза тапты

АҚШ-тың Техас штатындағы Ларедо қаласында бизнес-джет тас жолға құлап, бір адам қаза тауып, бес адам…

Шри-Ланкада бұрынғы президенттің ұлы қамауға алынды

Шри-Ланкада бұрынғы президент Махинда Раджапакстың екінші ұлы Йошита Раджапакса қамауға алынды. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы…

АҚШ-та Қазақстан азаматы терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Сурет: Instagram ICEGOV АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау қызметі (ICE) 5 маусымда арнайы операция кезінде…