Categories Жайық news

Қазақстан мен Пәкістан стратегиялық серіктестік орнатуға келісті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Пәкістанға ресми сапары барысында Астана мен Исламабад арасындағы қарым-қатынасты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Мемлекет басшысы Исламабадта Пәкістан Президенті Асиф Али Зардаримен келіссөз жүргізді. Тоқаев өзіне және қазақстандық делегацияға көрсетілген қонақжайлық үшін алғыс айтып, сапардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

Президент отыз жылдан астам уақыт ішінде екі ел арасында мазмұнды саяси диалог қалыптасып, түрлі саладағы ынтымақтастық дәйекті түрде нығайып келе жатқанын жеткізді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Орталық Азиядағы ірі экономика екенін, ал Пәкістанның Оңтүстік Азия, Орталық Азия және Таяу Шығыс тоғысында орналасқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, бұл – екі елдің ұзақ мерзімді стратегиялық мақсаттарға жетуіне ықпал ететін маңызды геосаяси артықшылық.

Сапар аясында Премьер-министр Шахбаз Шарифпен жүргізілген келіссөздер нәтижесінде екі ел қарым-қатынасын жаңа стратегиялық деңгейге көтеру жөніндегі Бірлескен декларацияға қол қойылды. Бұл құжат бауырлас елдердің барлық бағыт бойынша ықпалдастықты кеңейтуге деген ниетін білдіреді.

Пәкістан президенті Асиф Али Зардари екі ел арасындағы ынтымақтастықтың даму деңгейін жоғары бағалап, Исламабадтың өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев сапар қорытындысы қос халықтың өркендеуі жолындағы Қазақстан-Пәкістан серіктестігіне тың серпін беретініне сенім білдірді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…