Елде шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті

Сурет: istockphoto.com

Қазақстанда шомылу маусымы басталғаннан бері су айдындарында 29 адам қаза тапты, оның 16-сы – балалар. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Министрліктің мәліметінше, қайғылы оқиғалардың көпшілігі шомылуға тыйым салынған және жабдықталмаған жерлерде болған. Ведомство хабарламасында: «Талдау көрсеткендей, судағы қаза болудың негізгі себептерінің бірі – адамдардың, әсіресе балалардың қауіп-қатерді түсінбеуі. Сондықтан тәуекелдерді азайту үшін жыл басынан бері ауқымды ақпараттық науқан жүргізіліп келеді. Осы уақыт ішінде 7,5 мың бала жүзуге үйретілді. Құтқарушылар шамамен 95 мың оқу парақшасын, жадынама мен брошюраны таратты, ал су айдындарына 786 қауіпсіздік белгісі орнатылды», – делінген.

Оқыс оқиғалардың алдын алу үшін құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер 24 мыңнан астам патрульдік рейд өткізген.

Ұқсас жазбалар

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді

Астанада дизайн-код бойынша жөнделетін 21 үйдің тізімі бекітілді. Тозу деңгейі 61 пайыздан асатын үйлер жөнделмейді.

Астанада полицей 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарды

Астанада учаскелік полиция инспекторы Рахметолла Нұрымов 8-қабаттан секірмекші болған әйелді құтқарып қалды.

Апорт алмасы қайта жаңғыруда: Қазақстанда жаңа бақтар 110 гектарға дейін кеңейеді

Ауыл шаруашылығы министрлігі Президент Іс басқармасымен бірлесіп, Апорт алма бақтарын қайта жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. 2027…