Көпшілік диетаны тез арада арықтаудың жолы деп біледі, бірақ тамақтану тәртібін күрт шектеу ағзаға кері әсер етуі мүмкін, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Сарапшылардың айтуынша, қатаң шектеулер зат алмасу процесін бұзып, иммунитетті әлсіретеді. Сонымен қатар адамның психоэмоционалдық жағдайына да салмақ түсіреді.
«Қатаң диетадан адам тез шаршап, ас қорыту жүйесінде мәселелер туындайды. Ең қауіптісі – ақуыз, B12 дәрумені және темір тапшылығы сияқты жағдайлардың пайда болуы», – дейді мамандар.
Сондықтан кез келген диетаны бастамас бұрын дәрігермен кеңесіп, ағзаның жеке ерекшеліктерін ескерген жөн. Жаңа тамақтану жүйесіне біртіндеп көшу – денсаулықты сақтаудың басты шарты.

