Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.
Президенттің өңірдегі сапары түркі әлемінің ұлы рухани әрі тарихи-мәдени киелі орындарының бірі, ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енген Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етуден басталды.
Мемлекет басшысы ұлы ойшыл әрі рухани ұстаз Қожа Ахмет Ясауи мен кесенеде жерленген басқа да белгілі тарихи тұлғалардың рухына тағзым етіп, Құран бағыштады.
Фото: Акорда

