Categories Жайық news

Оралда жаңғыртылған Жайық жағалауы пайдалануға берілді

Орал қаласында Жайық өзенінің жағалауындағы демалыс аймағы жаңартудан кейін қайта ашылды. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен қала тұрғындары қатысты.

Жайық жағалауын абаттандыру және қайта құру жұмыстары биыл сәуір айында басталып, белгіленген мерзімде аяқталды. Жоба аясында 2,7 гектар аумақ толық жаңартылды: 16 мың шаршы метрге жуық газон төселіп, 439 түп ағаш егілді. Сонымен қатар демалыс аймағында 50 орындық, заманауи субұрқақ, балалар ойын және воркаут алаңдары, шағын сәулеттік нысандар орнатылды.

Жобаның тапсырыс берушісі — Орал қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі. Бас мердігер — «Шымкент жасыл қала» ЖШС, техникалық қадағалаушы — «Батыс Сапа Құрылыс» ЖШС. Жалпы жоба құны 1,3 млрд теңге.

Өңір әкімі Нариман Төреғалиев өз сөзінде бұл жобаның тұрғындарға жайлы орта қалыптастыруға бағытталғанын атап өтті:

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында өңірлердің дамуы мен халықтың өмір сапасын арттыруды басты міндет ретінде белгілеген. Сол бағытта атқарылып жатқан жұмыстардың бірі — бүгін қайта ашылып отырған Жайық жағалауы. Бұл – оралдықтардың сүйікті демалыс орны, қаламыздың көркін арттыратын жаңа кеңістік», – деді облыс әкімі.

Іс-шара соңында жобаны жүзеге асыруға атсалысқан құрылыс және инженерлік ұйым қызметкерлері облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды.

Қатысушылар жаңарған жағалауды аралап, демалыс аймағының жаңа келбетімен танысты. Қайта жаңғыртылған Жайық жағалауы енді қала тұрғындары мен қонақтарына табиғат аясында серуендеуге және демалуға арналған заманауи кеңістік ұсынады.

Айта кетейік, жуырда Оралда Журналистер тынымбағы да жаңартудан кейін қайта ашылған болатын. Ал Некрасов тынымбағындағы абаттандыру жұмыстары аяқталуға жақын.

Ұқсас жазбалар

Орал қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Сурет: Орал қ. Әкімдігі Бүгін Батыс Қазақстан облысының орталығы – Орал қаласында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық…

В Уральске в рамках экологической акции «Таза Қазақстан» проведены разъяснительные работы

Фото:Акимат г. Уральск Сегодня в областном центре Западно-Казахстанской области — городе Уральск — в рамках…

100% трудоустройство: как Ozge Epic Oral готовит востребованных аниматоров

Фото:Акимат г. У В марте текущего года в Уральске при поддержке корпоративного фонда Samruk-Kazyna Trust,…