Орал қаласында абаттандыру жұмыстары кезінде алаңдар мен тынымбақтардан алынған ескі өрнектастардың бір бөлігі қайта қолданылып жатыр. Жалпы көлемі 25 мың шаршы метр тастың 40–45%-ы жарамсыз деп танылса, қалғаны әкімдіктің арнайы қоймасында сақталуда.
Тұрғындардың өтінішіне сәйкес, ескі плиткалар Датов пен Даумов көшелеріне, 4 және 5-шағынаудандардағы алаңдарға төселді. Сонымен қатар қалада жаңа жаяу жүргіншілер жолдары салынды.
Ресми сұраныстар негізінде плиткалардың біраз бөлігі №12 мектепке, №1 қалалық емханаға және Зашаған кенті әкімдігіне берілді.