Categories Жайық news

Оралда 102 жастағы майдангер азаматтық парызын өтеді: «Бейбіт өмірде ғана жақсы тұрамыз»

Орал қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Вениамин Скаленко сайлауда дауыс беріп, азаматтық парызын өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Биыл 102 жасқа толатын майдангер өз таңдауын үйінде жасады. Дауыс беру үшін ардагердің үйіне учаскелік комиссия мүшелері арнайы келді. Олар қарияның өз таңдауын еш кедергісіз жасауына толық жағдай жасады.

Вениамин Пантелеевич комиссия мүшелерін ерекше құрметпен, үстіне кителін киіп қарсы алды. Нұсқаулықпен мұқият танысқан майдангер бюллетеньде өз таңдауын белгілеп, оны арнайы тасымалданатын жәшікке салды.

Ардагер бұл сайлауға елдің және жас ұрпақтың болашағы үшін қатысып отырғанын атап өтті.

«Жаным жай тапқандай болды. Себебі мен өз парызымды, міндетімді орындадым. Барша қазақстандықтарға денсаулық пен сәттілік тілеймін. Бейбітшілікті адамдар сақтайды, сондықтан біздің ең басты жетістігіміз – осы тыныштықты сақтап қалуымыз. Бейбіт өмірде ғана біз жақсы тұрамыз», — деді ҰОС ардагері.

Вениамин Скаленко 98-гвардиялық әуе-десанттық Свирь дивизиясының құрамында соғысқа аттанған. Танкке қарсы қорғаныс жауынгері ретінде Будапешт, Вена және Братислава қалаларын азат етуге қатысқан.

Ардагердің жұбайы Ксения Федосеевна да күйеуіне үнемі қолдау білдіріп отырады. Оның айтуынша, әрбір дауыс маңызды, ал ел өміріндегі мұндай елеулі оқиғаға қатысу – тек құқық қана емес, үлкен жауапкершілік.

Жалпы, өңірде алты соғыс ардагері және 783 тыл еңбеккері тұрады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…