Categories Жайық news

Оңтүстікте – жаңбыр, Астанада – көктайғақ: Ірі қалаларда ауа райы құбылады

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанның ірі қалаларында ауа райы құбылмалы болатынын болжады. Елдің оңтүстігінде жаңбыр жауса, солтүстікте көктайғақ пен боран күтіледі, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Астана

11 қаңтарда күн бұлтты, күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауып, көктайғақ болады. Оңтүстіктен соққан желдің жылдамдығы түнде 3-8, күндіз 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде -12-14°С, күндіз -1+1°С аралығында болады.

12 қаңтарда ара-тұра қар жауып, бұрқасын соғады, көктайғақ сақталады. Батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге, екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Түні мен күндіз ауа температурасы 0-2°С болады.

13 қаңтарда күн бұлтты. Түнде аздап қар жауып, бұрқасын соғады және көктайғақ болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде -13-15°С, күндіз -11-13°С дейін төмендейді.

Алматы

11 қаңтарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Кей жерлерде тұман түседі. Оңтүстіктен секундына 2-7 метр жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 0,-2°С, күндіз +7+9°С жылы.

12 қаңтарда күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы – 3-8 м/с. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +6+8°С болады.

13 қаңтарда күн құбылмалы. Түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең қаланы тұман басады. Оңтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +6+8°С.

Шымкент

11 қаңтарда күн бұлтты, кешке қарай жаңбыр жаууы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 7-12 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде 0,+2°С, күндіз +12+14°С жылы болады.

12 қаңтарда күн бұлтты, ара-тұра жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде +3+5°С, күндіз +6+8°С.

13 қаңтарда күн құбылмалы, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің жылдамдығы 8-13 м/с болады. Ауа температурасы түнде -1+1°С, күндіз +10+12°С.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…