Categories Спорт

Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енгізіледі

Сурет: Egemen Qazaqstan

Атақты қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Халықаралық бокс даңқы залына енгізіледі. Салтанатты рәсім 14 маусым күні АҚШ-тың Канастота қаласында өтеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Головкин 2026 жылы Даңқ залын толықтыратын бұрынғы бес боксшының қатарына енді. Қазақстандық спортшымен бірге бұл құрметке америкалық бұрынғы әлем чемпионы Антонио Тарвер, британдық Найджел Бенн, жапониялық Наоко Фудзиока және мексикалық Джеки Нава ие болды.

Геннадий Головкин кәсіби мансабын 2022 жылы аяқтады. Ол кәсіпқой рингте 45 жекпе-жек өткізіп, оның 42-сінде жеңіске жетті. Екі рет жеңіліп, бір кездесуді тең аяқтады.

Қазақстандық боксшы орта салмақта WBC, WBA, IBF және IBO тұжырымдары бойынша чемпиондық белбеулердің иегері болды және ұзақ жылдар бойы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының бірі саналды.

Головкин Даңқ залының «Заманауи боксшылар» санатына енгізіледі. Бұл санатта қазірдің өзінде әлемдік бокс аңыздары – Майк Тайсон, Леннокс Льюис, Эвандер Холифилд, сондай-ақ ағайынды Виталий мен Владимир Кличко бар.

Қазіргі уақытта Геннадий Головкин Ұлттық олимпиадалық комитеттің президенті және дүниежүзілік World Boxing ұйымының басшысы қызметін атқарады.

Ұқсас жазбалар

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open турнирінде топ жарды

Таеквондодан Қазақстан жастар құрамасы Kazakhstan Open халықаралық турнирінде бірінші орын алды. Ел спортшылары 5 алтын,…

Мысыр Иранмен тең түсіп, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты

Әлем чемпионатының G тобындағы үшінші турда Мысыр мен Иран құрамалары тең түсті. АҚШ-тың Сиэтл қаласындағы…

Испания Уругвайды 1:0 есебімен жеңіп, Н тобында бірінші орын алды

Испания құрамасы Уругвайды 1:0 есебімен жеңіп, Н тобында бірінші орын алды. Жалғыз голды Алекс Баэна…