Categories Жайық news

Жаңаөзендегі қайғылы оқиға: Өрт сөндіру көлігімен соқтығысқан 10 жасар бала мерт болды

Жаңаөзенде өрт сөндіру көлігі мен жеңіл көліктің соқтығысуы салдарынан 10 жастағы бала қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарға қараған түні болған. Шұғыл шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі Lifan маркалы жеңіл автокөлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апатынан кейін Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасына барлығы он адам жеткізілді.

Дәрігерлердің айтуынша, балаға шұғыл ота жасалған. Алайда алған жарақаттарының ауырлығынан ол ауруханада көз жұмды.

Зардап шеккендердің тағы біреуі аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Төрт науқас травматология және нейрохирургия бөлімшелеріне жатқызылды, олардың жағдайы тұрақты деп бағалануда. Ал жағдайы жақсарған тағы төрт адам үйлеріне жіберілді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша тергеу жүріп жатыр. Көлік жүргізушісі ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігіне (Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол ережесін бұзу) сәйкес 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ұқсас жазбалар

Close-up of a graduate receiving a diploma outdoors in cap and gown.

Токио конвенциясы: «Қазақстандық дипломдарға деген шетелдік сенім артады»

Қазақстан Токио конвенциясын ратификациялады. Бұл шешім қазақстандық дипломдардың Азия-Тынық мұхиты аймағында мойындалуын жеңілдетеді.

Passengers relaxing in a São Paulo airport waiting area, capturing a travel moment.

Оңтүстік Корея: Заңсыз жүрген қазақтарға айыппұлсыз кетуге мүмкіндік берілді

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген қазақстандықтар 2026 жылдың ақпанына дейін айыппұлсыз және тыйымсыз елден өз еркімен…

Close-up of hands playing a mobile game on a smartphone, showcasing the game's interface.

600 мың долларлық ойын: «Бұл Subway Surfers-тің арзан көшірмесі»

Ғылым министрлігі қазақ тілін үйрететін Steppe Rider ойынына 600 мың доллар бөлген. Нәтижесінде Subway Surfers-тен…