Categories Жайық news

Жаңаөзендегі сұмдық оқиға: өрт сөндіру көлігі үйге соғылып, кішкентай қыз көз жұмды

Жаңаөзенде болған ірі жол апатынан кішкентай қыз қаза тапты. Шақыртуға бара жатқан өрт сөндіру көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, тұрғын үйге аударылған, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қайғылы оқиға 18 қаңтарда болған. Өрт сөндіру автоцистернасы шақыртуға асығып бара жатып, Lifan маркалы жеңіл көлігімен соқтығысқан. Соққының қатты болғаны сонша, арнайы көлік аударылып, жол жиегіндегі жекеменшік үйдің бір бөлігін басып қалған.

Жаңаөзен қалалық көпбейінді ауруханасының хабарлауынша, апаттан барлығы 11 адам зардап шеккен, оның екеуі көз жұмды. Lifan көлігінің жолаушысы оқиға орнында тіл тартпай кетсе, өрт сөндіру көлігі соққан үйде болған кішкентай қыз ауруханада қайтыс болды.

Аман қалғандардың арасында Lifan жүргізушісі, жеті өрт сөндіруші және зардап шеккен үйде болған тағы бір қыз бала бар. Төтенше жағдайлар департаменті бұл оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын, сол себепті қосымша ақпарат бере алмайтынын мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады  

«Мектебім, саған мың алғыс!». Бүгін өңірдегі барлық білім ордасында соңғы қоңырау сыңғырлады. №52 жалпы орта…

«AMANAT» БАСТАМАСЫ: С.МЕҢДЕШЕВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЗАМАНАУИ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ БОЙ КӨТЕРДІ

Жаңақала ауданы Қырқопа ауылы С.Меңдешев ауылдық округіндегі мәдениет үйі бірнеше жыл бойы апаттық жағдайда жұмыс…

Арқалықта қыздың өліміне қатысты тергеу басталды: полиция мәлімдеді

Арқалықта қайтыс болған қызға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.