Categories Ақорда

Тоқаев: «Толық емес отбасыларға берілген жеңілдік – ажырасуды көбейтті»

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында әлеуметтік саладағы қателіктерді сынға алды. Оның айтуынша, кезінде қабылданған кейбір шешімдер қоғамға теріс әсер еткен.

«Кезінде біздегі «әлеуметтік саланың жанашырлары» толық емес отбасыға берілетін жеңілдік түрін ойлап тапқан болатын. Соның салдарынан ажырасқан отбасылар саны күрт өсті. Бір кезеңде біз бұл көрсеткіш бойынша әлемде алдыңғы қатарға шығып кеттік. Мұндай мысалдар аз емес,» – деді Мемлекет басшысы.

Президенттің сөзінше, әлеуметтік саясатта оңтайлы шешім қабылдаудың орнына, Үкімет көп жыл бойы әлеуметтік масылдық пен алаяқтыққа жол беріп келген.

«Отбасы мүшелерінің барлығы нысаналы әлеуметтік көмек пен жәрдемақы алатын болса, жұмыс істеудің не қажеті бар? Басқаша айтқанда, біз өзіміз жалқаулық пен масылдықты қалыптастырып алдық. Үкімет кемінде 15 жыл бойы осы қателікті қайталап келді,» – деді Тоқаев.

Президент әлеуметтік саясатты түбегейлі қайта қарау қажет екенін, қоғамды еңбекке ынталандыратын жаңа жүйе қалыптастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысы Нұрғиса Тілендиев ескерткішінің ашылуына орай құттықтау жолдады

Халық қаһарманы, көрнекті мәдениет және өнер қайраткері, біртуар композитор Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына…

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады

Президент алдағы Ұстаздар күнімен құттықтады Мемлекет басшысы мұғалімдердің кәсіби мерекесі елімізде ерекше аталып өтетінін жеткізіп,…

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан арқылы әлемнің ең ірі сауда нарықтарына жол ашатын 5 теміржол дәлізі өтетінін айтты

8Мемлекет басшысының айтуынша, бұл – Тәуелсіздік кезеңіндегі ең ірі теміржол құрылысы, еліміз үшін айрықша стратегиялық…