Categories Қоғам

Әлібек Амандық, ақын: «Референдум – ел болашағын айқындайтын маңызды қадам»

Алдағы референдум елдің саяси дамуы мен болашағына әсер ететін маңызды тарихи кезеңдердің бірі.
Осыған байланысты ақын Әлібек Амандық жерлестерін азаматтық белсенділік танытып, дауыс беруге қатысуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Құрметті жерлестер!

Алдағы референдум – еліміздің саяси дамуы мен болашағына әсер ететін маңызды тарихи кезең. Бұл жолғы референдумның басты мәні – жаңа Конституция арқылы мемлекет пен қоғам арасындағы қатынастарды жаңа деңгейге көтеру.

Жаңа Конституция – тек заңдық құжат емес. Ол мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті күшейтуге және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын одан әрі қорғауға бағытталған маңызды қадам.

Әлемдік тәжірибеде конституциялық реформалар қоғамның жаңаруына, демократиялық институттардың нығаюына және халықтың мемлекет басқаруына қатысуын арттыруға мүмкіндік береді. Сондықтан мұндай шешімдер халықтың тікелей қатысуымен қабылдануы – өте маңызды.

Референдум – әр азаматқа елдің болашағына ықпал етуге берілген нақты мүмкіндік. Біздің әр дауысымыз мемлекет дамуының бағытын айқындайды.

Мен де референдум күні өз учаскеме барып, жаңа Конституцияға қатысты өз таңдауымды жасаймын. Баршаңызды азаматтық белсенділік танытып, референдумға қатысуға шақырамын.

Ел болашағы – өз қолымызда!» – деді ол.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Қазақстанда жаңғыртудан кейін 30 теміржол вокзалы ашылды

Еліміздің біраз өңірлерінде жүргізілген ауқымды реконструкциядан кейін 30 теміржол вокзалы мен жолаушылар инфрақұрылымы нысандары пайдалануға…