Categories Жайық news

Тарихи жеңіс: Тоқаев паралимпиада чемпионы атанған Ербол Хамитовты құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алған биатлоншы Ербол Хамитовты тарихи жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент спортшының табанды еңбегі мен ерік-жігерінің арқасында қиын жолды еңсеріп, керемет жетістікке қол жеткізгенін атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл жеңіс – шынайы құрметке лайық зор жетістік.

Айта кетейік, Ербол Хамитов осы Паралимпиада ойындарында Қазақстан құрамасының туын ұстап шыққан болатын. Ол бұған дейін шаңғы жарысынан қола жүлдеге де ие болған еді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ербол Хамитовке зор денсаулық, қажымас қайрат және жаңа жарқын жеңістер тіледі.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Астанада мешітте намаз оқып тұрған ер адамның телефоны ұрланды

Астанадағы мешітте намаз оқып жатқан ер адамның iPhone 13 ұялы телефоны ұрланды. Полиция күдіктіні ұстады.

Алматы – Қорғас тасжолында жеңіл көліктер зақымданды

Алматы – Шелек – Қорғас тасжолында жүк көліктері бетон жабындысын бүлдіріп, жеңіл көліктерге зақым келтірді.…

Қостанай облысында тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі енгізілді

Қостанай облысында биыл 5 млн гектар алқапқа тұқым себу жоспарланып, 97 пайызы орындалды. «Борис Романовский»…