Categories Ақорда

Көшербаев Нұртілеудің орнына Сыртқы істер министрі болып тағайындалды

Көшербаев Нұртілеудің орнына Сыртқы істер министрі болып тағайындалды,-деп хабарлайды Жайықмедиа.кз.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі лауазымына тағайындалды. Осыған байланысты ол бұған дейін атқарған қызметінен босатылды.

Бұл тағайындау Мұрат Нұртілеудің жаңа қызметке ауысуына байланысты жасалды. Сарапшылар Көшербаевтың министрлікке келуі Қазақстанның сыртқы саяси бағытына жаңа серпін беруі мүмкін екенін атап өтуде.

Дипломатиялық саладағы тәжірибесі мол Көшербаев енді халықаралық аренада ел мүддесін қорғауға және Қазақстанның сыртқы саясаттағы басым бағыттарын ілгерілетуге жауапты болады.

Ұқсас жазбалар

Мемлекет басшысының Жарлығы

✍️ Мемлекет басшысы 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялау туралы Жарлыққа қол…

Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың сұхбатынан

Қазақстан: өсу мен өркендеу жолында.  

Глава государства провел рабочее совещание по Парламентской реформе

Президент Касым-Жомарт Токаев провел рабочее совещание с участием Государственного советника Ерлана Карина и Помощника Президента…