Categories Жайық news

Италияда Қысқы Олимпиада басталды: Қазақстан туын кімдер ұстап шықты?

Италияда XXV Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Шара бірнеше қалада қатар ұйымдастырылып, ел намысын қорғайтын спортшылар шеруге шықты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Миланда өткен ұлттар парадында Қазақстанның көк байрағын шорт-трек шебері Денис Никиша алып жүрді. Ал Ливиньо коммунасында бұл мәртебелі міндет фристайл-могулдан сынға түсетін Аяулым Әміреноваға жүктелді.

Айтулы спорт додасы 6-22 ақпан аралығында жалғасады. Биылғы Олимпиадада Қазақстан құрамасы сапынан 36 спортшы (18 ер адам және 18 әйел) спорттың 10 түрінен бақ сынайды.

Фото: ҰОК

Ұқсас жазбалар

Милан-2026: Қысқы Олимпиадада Қазақстан намысын кімдер қорғайды?

Италияда өтетін 2026 жылғы XXV Қысқы Олимпиада ойындарына Қазақстан атынан 36 спортшы қатысады. Бұл –…

Қазақстанда қызылша өршіді: Ауырған балалардың 80%-ға жуығы екпе алмаған

Қазақстанда ата-аналардың екпеден бас тартуы салдарынан қызылша өршіді. Ауруға шалдыққан балалардың 79 пайызы вакцина алмаған…

Қазақстанда шенеуніктерге арналған жаңа мессенджер жасалады: Ол қандай болады?

Қазақстанда мемлекеттік қызметшілерге арналған Alem GovWorkspace атты жаңа мессенджер жасалады. Ол қауіпсіз жұмыс ортасын қамтамасыз…