Алматы әуежайында 45 келі есірткімен ұсталған шетелдік өмір бойына сотталуы мүмкін

Алматы әуежайында полиция мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі бірлескен арнайы тексеру кезінде есірткі контрабандасын ұйымдастырған шетел азаматын ұстады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктінің жүгінде 45 келіден астам синтетикалық есірткі табылды. Бұл есірткінің нарықтық құны 1,5 миллиард теңгеден асады.

«Ұсталған шетелдікке Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің есірткі контрабандасы бабы бойынша айып тағылды. Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін», — деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жалғасуда.

Ұқсас жазбалар

ОБРАЩЕНИЕ Центральной избирательной комиссии

УВАЖАЕМЫЙ ИЗБИРАТЕЛЬ! 23 августа 2026 года впервые в истории Республики Казахстан состоятся выборы депутатов Курултая.…

Орталық сайлау комиссиясының ҮНДЕУІ

ҚҰРМЕТТІ САЙЛАУШЫ! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасының тарихында тұңғыш рет Құрылтай депутаттарын сайлау өтеді.…

Терроризмге қарсы қорғау талаптарын бұзған 263 басшы жауапкершілікке тартылды

Ішкі істер министрлігі биылғы жылдың 5 айында терроризм тұрғысынан осал 2 665 нысанды тексерген. Тексерілген…