Categories Жайық news

Екібастұзда мас күйінде көлік жүргізген шенеунікті жұмыстан шығару ұсынылды

Екібастұзда мас күйінде көлік тізгіндеген мемлекеттік қызметкерді жұмыстан босату туралы ұсыныс жасалды. Бұл шешімді Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қабылдады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға 2023 жылдың желтоқсан айында болған. Шенеунік Айдын Қояғанов жеке көлігіне мас күйінде отырып, өз үйінің ауласында полиция қызметкерлеріне ұсталған. Сараптама оның орташа дәрежеде мас болғанын көрсеткен.

Бұған дейін әкімшілік сот шенеунікті 15 тәулікке қамауға алып, жеті жыл бойы көлік жүргізу құқығынан айырған болатын.

Әдеп жөніндегі кеңес отырысында Айдын Қояғанов өз кінәсін толық мойындап, кешірім сұрады. Ол өз әрекетін отбасылық жағдаймен түсіндірмек болды.

«Сол күні балам ауырып, дәрі-дәрмек керек болды. Такси шақырта алмаған соң, өзім баруға бел будым. Шарадан енді ғана шыққан едім. Аулада полицейлер ұстап алды. Отбасымдағы жалғыз асыраушы менмін», – деді шенеунік.

Кеңес мүшелерінің пікірі екіге жарылды. Кейбірі оны қызметінен босатуды қолдаса, енді бірі «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы» ескерту беруді ұсынды.

Алайда кеңес төрағасы бұл істің қоғамда үлкен сын тудырғанын алға тартты.

«Бұл – өте маңызды мәселе. Ол қоғамда сын-пікір тудырып, көпшілікке жария болды. Басқа шара қабылдау мемлекеттік қызметшілерге жаман үлгі болады деп ойлаймын. Сондықтан тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін Екібастұз әкіміне Айдын Қояғановты атқарып отырған мемлекеттік қызметінен босатуды ұсыну қажет», – деді Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Мадияр Әбілдин.

Нәтижесінде кеңес мүшелерінің басым көпшілігі шенеунікті жұмыстан шығару туралы ұсынысты қолдап дауыс берді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Алматының лас ауасы: Әр тұрғын жылына 518 темекі шеккенмен бірдей ауа жұтады

2025 жылы Алматыда ауа сапасы 30%-ға нашарлайды деп болжануда. Ластану деңгейі ДДҰ нормасынан 6 есе…

Close-up view of Germany on a colorful world map showing major cities.

Трамптың жаңа талабы: Украина қауіпсіздік үшін Донбасты Ресейге беруі тиіс

Financial Times: Трамп әкімшілігі Украинаға қауіпсіздік кепілдігі үшін Донбасты Ресейге беру шартын қойды. Киев мұнымен…

Алматы әуежайы 6,8 млрд теңгені акционер емес компанияға заңсыз аударған

Алматы халықаралық әуежайы акционері емес компанияға 6,8 млрд теңгені заңсыз аударған. Қаржы министрлігінің тексерісінен кейін…