Categories Жайық news

«Джей Ло әсері»: Астана әлемдік жұлдыздың концертінен қанша табыс тапты

Астанада өткен америкалық поп-дива Дженнифер Лопестің концерті елорданың туризм саласына қомақты кіріс әкелді.

Бюджеттен қаржы бөлінбеді
Үкімет пен Астана әкімдігі концертке бюджет қаражаты жұмсалмағанын мәлімдеді. Әкімдік тек қоғамдық тәртіп, өрт қауіпсіздігі, жедел жәрдем және техникалық қызметтердің жұмысын ұйымдастырған.

Көрермендерге ыңғайлы болу үшін шаттл-маршруттар іске қосылды. Арнайы автобустар қаладағы бес нүктеден «Астана Арена» стадионына және кері бағытта қатынады.

10 мың турист келді
Ұйымдастырушылардың (Astana Concert) дерегінше, шоуға әлемнің 30-дан астам елінен 10 мың турист келген. Көпшілік Ресей, Қырғызстан, БАӘ, Литва және АҚШ-тан келгендер. Қазақстан ішінде Алматы, Шымкент, Атырау, Ақтау және Қарағанды көш бастап тұр.

6,5 млрд теңге экономикалық әсер
Mastercard деректеріне сүйенсек, туристер Астанада орта есеппен 3 күн қалып, күніне шамамен 230 доллар жұмсаған (қонақүй, тамақ, такси, сауда). Осы есеппен, концерттің мультипликативтік әсері 6,5 млрд теңге деп бағаланды.

Бұл сомаға билет, ұшақ және теміржол шығындары кірмейді. Орташа билет бағасы – 200 доллар, әуе билеті – 310 доллар.

Салық түсімі – 400 млн теңге
Ұйымдастырушылардың есебінше, концерттен бюджетке шамамен 400 млн теңге салық түседі.

1 тамыз күні өткен концертке билеттер сатылымы басталған сәтте сайт істен шығып, көрермендер орындарын 5 сағат бұрын иелене бастады. Дженнифер Лопестің командасы Астанаға ерекше ықыласын білдірген.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанда жасанды интеллект университеті ашылады: Президент министрге жаңа тапсырмалар жүктеді

Президент Тоқаев Ғылым министрі Саясат Нұрбекті қабылдады. Жасанды интеллект университетін ашу және ғылымды дамыту мәселелері…

«Бастығыңыз хабарласып тұр»: Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа схемасы пайда болды

Қазақстанда телефон алаяқтарының жаңа түрі тарады. Енді олар өздерін басшы ретінде таныстырып, азаматтардың ақшасын алдап…

Жарты ғасырлық үзілістен соң: NASA астронавтарды Айға қайта аттандырды

NASA 50 жылдық үзілістен кейін алғаш рет Айға астронавттарды аттандырды. «Артемида-2» миссиясы Ай бетіне қайта…