Categories Спорт

Футзалдан әлем чемпионаты: Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болды

Сурет: kff.kz

Швейцарияның Ньон қаласында футзалдан 2028 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің жеребесі тартылды. Қазақстан ұлттық құрамасы өз тобындағы қарсыластарын анықтады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Негізгі іріктеу кезеңіне 36 құрама қатысып, 12 топқа бөлінді. Кездесулер үйде және сырт алаңда өтетін жүйе бойынша ұйымдастырылады. Қазақстан құрамасы 6-топқа түсіп, Беларусь және Албания футзал құрамаларымен кездеседі.

Негізгі раунд ойындары 2026 жылдың қазан, қараша, желтоқсан айларында, сондай-ақ 2027 жылдың 22 ақпаны мен 3 наурызы аралығында өтеді. Іріктеу қорытындысы бойынша 12 топтың жеңімпаздары және екінші орын алған үздік төрт команда әлем чемпионатына жолдама беретін элиталық кезеңге тікелей өтеді. Ал өз тобында екінші орын алған қалған сегіз құрама келесі кезеңге шығу мүмкіндігін плей-офф арқылы сарапқа салады.

Еске сала кетейік, ұлттық құрама турнир фавориттерінің бірі саналады. ФИФА рейтингінде Қазақстан ұлттық құрамасы әлемдегі ең мықты ондықтың 8-сатысына жайғасқан.

Ұқсас жазбалар

АҚШ Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты

АҚШ құрамасы әлем чемпионатының 1/16 финалында Босния және Герцеговинаны 2:0 есебімен жеңіп, 1/8 финалға өтті.

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды

Қазақстандық жасөспірімдер Паттайядағы Азия біріншілігінде 20 жүлде жеңіп алды, оның 4-уі алтын, 5-еуі күміс, 11-і…

Әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалындағы 5 командалық жұп анықталды. Алғашқы болып Канада мен…