Categories Жайық news

Дубайдағы қанды төбелес: Өзбекстанның алты азаматы өлім жазасына кесілді

Дубайда Өзбекстанның алты азаматы өлім жазасына кесілді, ал тағы біреуі өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жаппай төбелес өткен жылдың сәуір айында болғанымен, сот үкімі енді ғана шығарылып отыр.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, топтар арасындағы жанжал ескі келіспеушіліктерден туындаған. Салдарынан бір адам пышақ жарақатынан қаза тапса, комада жатқан екінші өзбекстандық кейін көз жұмған. Бұған дейін 10-нан астам күдіктінің ұсталғаны хабарланған болатын.

«Марқұмдардың бірі қызыл Mercedes көлігінен дөңгелегін тексеру үшін шыққанда, оған бір топ ер адам шабуылдаған. Екіншісі қашып үлгермек болған, бірақ оны көп ұзамай басқа топ ұстап алған», – деп жазады басылымдар.

Дубайдың құқық қорғау органдары төбелестің жеке бас араздығынан болғанын растады, ал ұсталғандар өз қатысын мойындаған. Сондай-ақ төбелеске қатысушылардың бір-бірін бұрыннан танитыны белгілі болды.

Өз кезегінде Өзбекстан Сыртқы істер министрлігі бұл үкіммен келіспейтінін және апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

«Бұл процесс жылдарға созылуы мүмкін», – деп ескертті ведомство.

Ұқсас жазбалар

Two steel security vault doors attached to a vintage brick wall, showcasing industrial strength.

Тимур Сүлейменов: Банктердің тәуекелсіз пайда табу схемасы дұрыс емес

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов банктердің артық ақшаны реттеушіге салып, тәуекелсіз пайда табуын тоқтататынын мәлімдеді.

Управление образования ЗКО сообщает

По факту инцидента, произошедшего между учениками СОШ № 17 города Уральск, Управление образования Западно-Казахстанской области…

Доллар 1500 теңгеге жете ме? Сүлейменов соңғы нүктені қойды

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов доллар бағамының 1500 теңгеге дейін өсуі мүмкін екенін жоққа шығарып,…