Categories Қаржы

Девальвация ма, әлде дүрбелең бе — доллар бағамы 541 теңгеге жетті

Қазақстанда доллар бағамы шарықтап барады.
Айырбастау пункттерінде АҚШ валютасы 541 теңгеден сатылуда. Үкімет пен Ұлттық банк девальвация болмайды деп сендіріп жатса да, нарық мүлде басқа көрініс көрсетіп отыр.

Бюджеттегі белгі – нарыққа белгі ме?

Бұл дүрбелеңге түрткі болған себеп — Премьер-министр Бектенов 2026 жылға арналған бюджет жобасында доллар бағамы 540 теңге деңгейінде есептелетінін мәлімдеді. Бұл тек техникалық болжам екенін айтқанымен, нарық қатысушылары мұны нақты белгі ретінде қабылдады.

Ұлттық банктің уәжі

Ұлттық банк теңге бағамының әлсіреуін маусымдық факторлармен түсіндіреді:

  • импорттың өсуі;

  • демалыс маусымында шетел валютасына сұраныстың артуы;

  • валюта ұсынысының биржада азаюы.

Олардың пікірінше, сыртқы экономикалық жағдай тұрақты, күрт девальвацияға ешқандай фундаменталды себеп жоқ. Дегенмен, аптаның басынан бері теңге 2,3% әлсіреп, доллар күн сайын жаңа шекке жетіп жатыр.

Сарапшы: бұл — экономика емес, қойылым

Қоғамды сабырға шақыру әрекеттерінен кейін теңгенің одан бетер құлдырай бастауы да көпшіліктің күдігін арттырды. Банктік сарапшы Нұржан Беяқаев теңгенің «табиғи әлсіреуіне» сенбейді. Оның айтуынша, бұл — экономикалық процесс емес, жоспарланған сценарий.

«Яғни, белгілі бір келісім бар. Бір-екі аптаға КАSE-де белсенді қозғалыстар жасау көзделген. Сол арқылы доллар өседі. Кейін сұраныс азайғанда, теңге қайта нығайып жатқандай болады. Бірақ шын мәнінде, бұл — қолдан жасалған ойын», — дейді Нұржан Беяқаев.

Алда не күтіп тұр?

Сарапшы ескертеді: 2026 жылғы ақпанда, дәстүрлі түрде, доллар бағамы 560 теңгеден де асып кетуі мүмкін. Бірақ бұл кезде сөз экономикада емес, жүйеде болмақ, деп қорытты ол.

Ұқсас жазбалар

ВВП Казахстана вырос на 6,5% в 2025 году

Экономика станы демонстрирует устойчивость. Экономика Казахстана, по итогам 2025 года, продемонстрировала уверенный рост. Согласно оперативным…

Әлемдегі ең ауқымды онлайн сауда фестивалі басталды

Әлемдегі ең ауқымды онлайн сауда фестивалі — Taobao Double 11.11 жаһандық сауда мерекесі басталды. Әлемнің…

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін

Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы төлеу тәртібі қатаңдауы мүмкін,-деп жазады Zhaiyqmedia.kz. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау…