Categories Жайық news

Дауылды ескерту: Қазақстанның 16 өңірінде ауа райы күрт бұзылады

26 қаңтарда Қазақстанның 16 өңірінде ауа райының қолайсыздығына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Бірқатар облыста қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады және желдің екпіні секундына 20 метрге дейін күшейеді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 26 қаңтарда еліміздің көптеген аймағында ауа райы құбылмалы болады.

Абай облысында қар жауып, боран соғады. Кей жерлерде тұман түсіп, желдің екпіні 20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысында қар жауып, бұрқасын болады. Түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Ақтөбе облысының оңтүстігінде, шығысында және орталығында күндіз қар аралас бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы секундына 15 метрге жетеді.

Алматы облысында 26-28 қаңтар аралығында солтүстік пен оңтүстік аудандарда тұман түсіп, көктайғақ болады. 27-28 қаңтарда облыстың шығысында жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Алматы мен Қонаев қалаларында осы күндері түнде және таңертең тұман мен көктайғақ күтіледі.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында қар жауып, бұрқасын соғады.

Шығыс Қазақстан облысында күні бойы қар жауып, боран соғады, кей аудандарда тұман түседі. Күндіз жел екпіні 18 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының солтүстігінде, батысында, шығысында және таулы аймақтарында түнде және таңертең қар, бұрқасын, тұман және көктайғақ болжанады. Таулы аймақтарда жел екпіні 20 м/с жетуі ықтимал. Тараз қаласында тұман мен көктайғақ күтіледі.

Жетісу облысында күндіз-түні қар, тұман, көктайғақ және бұрқасын күтіледі. Таулы аймақтарда жел 20 м/с дейін күшейеді. Талдықорғанда түнде тұман мен көктайғақ болжанады.

Батыс Қазақстан облысында аздаған қар жауып, бұрқасын соғады және тұман түседі. Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысында түнде қар жауып, бұрқасын болады. Күндіз бұл жағдай өңірдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде сақталады. Бірқатар ауданда тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде және солтүстігінде тұман түседі деп болжануда.

Қызылорда облысында таңертең және күндіз батыста, солтүстікте және орталықта көктайғақ болады. Көптеген ауданда тұман күтіледі. Қызылорда қаласында күндіз көктайғақ болжанады.

Маңғыстау облысында күні бойы көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында, сондай-ақ батысында, оңтүстігінде және орталық аудандарында тұман түседі. Ақтау қаласында көктайғақ күтіледі.

Павлодар облысында қар жауып, боран соғады, тұман түсіп, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Павлодар қаласында да қар, боран және тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аймақтарында түнде және таңертең көктайғақ, бірқатар ауданда тұман болжанады. Тауларда жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Шымкент пен Түркістан қалаларында тұман мен көктайғақ болуы мүмкін.

Ұлытау облысында түнде солтүстікте, шығыста және орталықта, ал күндіз батыста, оңтүстікте және орталық бөлікте қар жауып, бұрқасын соғады. Кей уақытта тұман түсуі ықтимал. Жезқазғанда 26 қаңтарда тұман күтіледі.

Ұқсас жазбалар

Атырауда ауа сапасы күрт нашарлады: Күкіртті сутек мөлшері 36 есе асып кеткен

Атырау облысында ауа сапасы тексерілді. Тасқала ауылы мен "Химпоселок" шағын ауданында күкіртті сутек мөлшері 36…

Филиппинде жолаушылар паромы суға батты: 15 адам қаза тауып, 43 адам із-түссіз жоғалды

Филиппиннің оңтүстігінде жолаушылар паромы апатқа ұшырады. Бортта 350-ден астам адам болған. Қазіргі уақытта 15 адамның…

A detailed view of a metallic key with 'Vale' engraved on it, hanging against a blurred background.

Пәтер иелеріне ескерту: 1 наурызға үлгермесеңіз, 10% салық төлейсіз

2026 жылдан бастап Қазақстанда пәтерді жалға берушілер үшін салық ережесі өзгереді. 1 наурызға дейін жаңа…