Оралда маса-шіркейге қарсы 5 мың гектар алқап уланды

Жалпы, өңдеуге жататын жер көлемі 13 мың гектардан астам. БҚО энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының мәліметінше, мердігер жеке кәсіпкер  «Танкеев Б.А.» Орал қаласында профилактикалық дезинсекция жүргізу жұмысын ұтып алған. Биыл бұл бағыттағы шараларға 81,6 миллион теңге бөлінді.

– Сәуір айынан бастап мердігер маса-шіркей дернәсілдері шоғырланған жерлерді анықтап, аспалы бүріккіш арқылы өңдеу жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар, мамыр айының ортасынан масаның қанаттанған кезеңінде улау жұмысы басталды.  Профилактикалық дезинсекция ауа-райына және энтомологиялық көрсеткіштерге сәйкес көктемгі-жазғы маусымда жүргізіледі -, деп хабарлады ведомстводан.

Күні бүгін тоғай ішінде, орман алқаптарында, өзен жағаларында, сондай-ақ саябақтар мен алаңдарда кешкі күн батқаннан күн шыққанға дейін улау жүргізілуде. Жұмыстың тиімділігі 90% асқанда жұмыс қанағаттанарлық деп бағаланады. Жұмыс сапасы төмен болса мердігер қайта өңдеуді жүзеге асырады.

Ұқсас жазбалар

Астанада оқушылар төбелесі бойынша қылмыстық іс қозғалды

Астанада бір топ жасөспірім бірнеше мектеп оқушысын ұрып-соққан. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады.

БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан жөніндегі өңірлік орталығы туралы заң ратификацияланды

Ақорда БҰҰ-ның Орталық Азия және Ауғанстан жөніндегі өңірлік орталығы туралы заңды мақұлдады. Мемлекет басшысы тиісті…

Қазақстанда 43 градус ыстық күтіледі

«Қазгидромет» 18-20 маусымға арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады.