Categories Жайық news

Астанада кәсіпкерден 80 млн теңге бопсалаған адвокат ұсталды

Сурет: Egemen Qazaqstan

Астанада құрылыс компаниясының басшысынан ақша бопсалады деген күдікпен екі ер адам ұсталды. Полиция мәліметінше, олар екі апта бойы кәсіпкерге қысым көрсетіп, ақша талап еткен. Бастапқыда сұралған сома уақыт өте келе ұлғайып, ақыры 80 миллион теңгеге жеткен, деп хабарлайды Zhaiyqmedia.kz ақпарат агенттігі.

Күдіктілер кәсіпкерді талабын орындамаған жағдайда компанияның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін ақпараттарды әлеуметтік желілерде жариялаймыз деп қорқытқан.

Жәбірленуші полицияға жүгінгеннен кейін жедел-іздестіру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде бопсалаушылар ақша алу кезінде ұсталды.

Тергеу барысында ұсталғандардың бірінің адвокат екені анықталды. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. Қазіргі уақытта екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ұқсас жазбалар

Қазақстанның ішкі саудасы тұрақты өсім көрсетуде

2026 жылғы қаңтар-мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанның ішкі сауда саласында тұрақты оң динамика сақталды. «Сауда»…

Батыс Қазақстан облысында «50 жаңа аула» экологиялық акциясы жалғасуда

Батыс Қазақстан облысында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «50…

Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды

Астанадағы Сарыарқа ауданында соңғы екі жылда 50-ден астам аула жаңартылды. 2025 жылы 52 аула абаттандырылып,…