Categories Жайық news

Астанада сабақ тоқтатылды: Оқушылар онлайн оқитын болды

Астана қаласында ауа райының күрт нашарлауына байланысты 2026 жылғы 15 қаңтарда бірінші ауысым оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Қалалық білім басқармасының ресми мәліметінше, бұл шешім оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Осыған орай, бірінші ауысымда білім алатын 0-11 сынып оқушылары үшін сабақтар онлайн режимде өтеді.

Ведомство ата-аналарға балалардың қашықтан оқу процесіне уақытылы қосылуын қадағалауға және далаға шығармауға кеңес береді. Ауа райына қатысты кез келген өзгеріс туралы ақпарат қосымша хабарланады.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Адамзат тарихындағы жаңа кезең: 50 жылдан астам уақыттан соң астронавтар Айға аттанды

50 жылдан астам үзілістен кейін адамзат Айға қайта оралды. "Артемида-2" миссиясы аясында төрт астронавт Жер…

Жамбыл облысындағы сарбаз өлімі: рота командирі сот алдында жауап береді

Жамбыл облысында қаза тапқан сарбаз Еркебұлан Рүстемұлының өліміне қатысты іс сотқа жолданды. Рота командиріне салғырттық…

Маман: «Психологтарды коуч деп атау керек»

Қазақстанда психологтардың қызметін реттеуге қатысты жаңа ережелер әзірленіп жатыр. Сарапшы бұл бастамаға қатысты өз пікірін…