Categories Жайық news

Иранның төрт қаласында бір мезгілде жарылыс болды: Бұл теракт болуы мүмкін бе?

Иранның бірнеше ірі қаласында бір уақытта қуатты жарылыстар болып, адамдар қаза тапты, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Оқиға Тегеран, Бандар Аббас, Ахваз және Тебриз қалаларында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс салдарынан бір көлік пен үш тұрғын үй қирап, бірнеше адам қаза тапқан және жараланғандар бар.

Иран билігі оқиғаны тұрмыстық газдың жарылуы деп түсіндірді. Алайда, елдің әртүрлі аймағында жарты сағат ішінде төрт бірдей жарылыстың болуы бұл нұсқаға күмән келтіріп отыр.

Парсы тілді Telegram-арналар бұл оқиғаны Израильдің арнайы операциясы деп болжайды. Олардың жазуынша, бұл Ислам революциясы сақшылары корпусының (ИРСК) жоғары лауазымды тұлғаларына жасалған қастандық болуы мүмкін.

Өз кезегінде Израиль билігі бұл жарылыстарға ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдеді.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Павлодардағы трагедия: Жер астында қалған бес жұмысшының екеуі көз жұмды

Павлодарда су құбырын жөндеу кезінде бес жұмысшыны топырақ басып қалды. Екі адам қаза тауып, тағы…

Допинг дауы: Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінен толықтай шығарылды

Допинг дауына байланысты Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлын орта салмақтағы рейтингінен алып…

Орал қаласының педагогы бір уақытта 5 мектепте жұмыс істеген  

Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысының білім беру жүйесі де цифрлық басқару әдістерін қолдана отырып, оқу…