Тоқаев конституциялық реформа туралы: «Комиссия құрамында бірде-бір шетелдік маман жоқ»

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі конституциялық реформалардың барысына тоқталып, арнайы құрылған комиссия құрамында шетелдік мамандардың жоқ екенін мәлімдеді. Президент бұл өзгерістердің бұрын-соңды болмаған деңгейде жалпыхалықтық талқылаудан өтіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Президент Қазақстанның тағдырлы өтпелі кезеңге қадам басқанын, осы орайда ауқымды өзгерістер қолға алынғанын айтты.

«Бәріңізге мәлім, Қазақстан өтпелі кезеңге аяқ басты. Біз ел тағдырына әсер ететін ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып жатырмыз. Қоғамда кеше ғана емес, жарты жылдан бері Конституцияға қатысты жан-жақты пікір алмасу жүріп жатыр. Барлық ұсынысты жүйелеп, саралау үшін 130 адамнан тұратын Конституциялық комиссия құрылды. Бұл – ауқымы жағынан да, кәсіби деңгейі тұрғысынан алып қарасақ та, еліміз үшін теңдесі жоқ комиссия. Осы жолы Комиссия құрамында шетел мамандары жоқ», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев реформаны талқылауға халықтың белсенді қатысқанына ерекше назар аударды. Оның айтуынша, азаматтардың пікірін білдіруіне eGov және eOtinish сияқты цифрлық платформалар арқылы толық мүмкіндік жасалған.

«Еліміздегі реформалар бұрын-соңды ешқашан дәл осылай жан-жақты талқыланып, тікелей эфир арқылы жұртшылықтың назарына ұсынылмаған. Біз „Халық үніне құлақ асатын мемлекет“ ретінде цифрлық платформаларды кеңінен қолдандық. Соның арқасында шын мәнінде жалпыұлттық ауқымдағы талқылау болды десек, дұрыс болар. Бұл – Әділетті Қазақстан құрылысының айқын көрінісі», – деді Президент.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

БҚО-да батпаққа батқан көліктен алты адам құтқарылды

Батыс Қазақстан облысында ТЖМ құтқарушылары батпаққа батып қалған көліктен 6 адамды аман-есен алып шықты. Оларға…

Ақтауда екі айлық сәби шетінеді: Тұрмысы нашар отбасы полиция назарында болған

Ақтауда тұрмысы нашар отбасында екі айлық сәби қайтыс болды. Полицияның мәліметінше, отбасы бұрыннан бақылауда, ал…

Зеленский мен Ердоған жаңа келісімге келді: Екі ел қауіпсіздік саласында күш біріктіреді

Ыстанбұлда өткен кездесуде Украина мен Түркия президенттері қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаңа кезеңін бастауға уағдаласты.