Categories Саясат

Экологиялық қауіпсіздік конституциялық басымдық ретінде бекітіледі: Роман Скляр экология министрлігінің алқа мәжілісін өткізді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен Экология және табиғи ресурстар министрлігінің алқа мәжілісі өтті, онда 2025 жылғы жұмыстың қорытындылары шығарылып, 2026 жылға арналған міндеттер айқындалды. Алқаға Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының депутаттары, Президент Әкімшілігінің, Үкімет Аппаратының жауапты қызметкерлері, орталық және жергілікті атқарушы органдардың, квазимемлекеттік сектордың, аумақтық бөлімшелердің өкілдері және министрліктің Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр өз сөзінде алқа отырысы еліміз үшін маңызды оқиға – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жөніндегі республикалық референдум қарсаңында өткізіліп жатқанын атап өтті.

«Конституция жобасының ұсынылған редакциясында қоғамның басты сұраныстарының бірі – адам өмірі мен денсаулығы үшін қолайлы орта құру, табиғатқа ұқыпты қарау сынды іргелі қағидатты енгізу», — деді ол.

Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ету, елдің табиғи ресурстарын ұтымды пайдалану және көбейту бойынша негізгі жетістіктерді атап өтті.

Жетекшілік ететін бағыттар бойынша вице-министрлердің атқарған жұмыстары туралы егжей-тегжейлі есептер тыңдалды.

Қазіргі уақытта министрлік қоршаған ортаның жай-күйін бақылау, қоқыстарды басқару және қалдықтарға мониторинг жүргізу, орман өрттерінің ошақтарын уақтылы анықтау, орман ресурстарын есепке алу және ұлттық парктерге баруды қадағалау бойынша цифрлық жобалар кешенін жүзеге асыруда.

Министрліктің маңызды міндеті – жеке инвестицияларды тарта отырып қалдықтарды басқару жүйесін дамыту.

Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясының 78-ші сессиясында биыл елімізде Өңірлік экологиялық саммит өткізу туралы айтты. Саммит – мемлекеттер мен Үкімет басшыларының, халықаралық серіктестер мен сарапшылар қауымдастығының қатысуымен өтетін маңызды халықаралық іс-шара. Саммит өткізу Орталық Азия елдерінің өңіраралық ынтымақтастықтағы әлеуетін және оның жаһандық климаттық күш жігерді күшейтуге қосқан үлесін көрсетуі тиіс.

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа айналды. Аумақтарды жинаудан бастап халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға бағытталған ауқымды ағарту жобаларына дейін экологиялық іс-шаралардың кең ауқымы жүзеге асырылуда.

2 млрд ағаш отырғызу және орман алқабын 14,5 млн гектарға дейін жеткізу бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Оң динамикаға қарамастан, жердің деградациясы мен шөлейттену мәселелері бар. Бұл мәселенің шешімі – жел эрозиясын азайту, құмдарды бекіту және жайылымдарды қалпына келтіру үшін қорғаныс орман белдеулері мен тосқауыл екпелер жүйесін құру.

2025 жылы Премьер-министр 24 ең қауіпті орман және табиғатты қорғау мекемелерінде орман өрттерін ерте анықтау жүйесін енгізу жөнінде нақты міндет қойды. Өткен жылы аталған жүйе жиынтық ауқымда 2,2 млн гектарға дейін жеткізілді. Сонымен қатар, оған жасанды интеллект интеграцияланған, ол деректерді тіркеп, оны бірден жедел басқару орталығына жібереді. Осы жылдың соңына дейін еліміздегі ең өртке орану қаупі жоғары ормандардың 5,4 млн гектар аумағы жүйемен қамтылатын болады.

Бұдан басқа, 2026 жылға қойылған міндеттерді орындау туралы шаралар да сөз болды, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биоалуантүрлілікті сақтау, жауапты және жасампаз патриотизмді ілгерілету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру бойынша белгіленген мақсаттарды жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берілді.

Ұқсас жазбалар

Дипломатия Токаева меняет баланс сил в Центральной Азии   

Президент Республики Казахстан Касым-Жомарт Токаев подтвердил своё приглашение наследному принцу Мухаммеду бен Салману посетить Казахстан…

Казахстан усиливает стратегическую роль в Центральной Азии

Встреча Касым-Жомарта Токаева с послом Саудовской Аравии Файсалом Аль-Кахтани стала сигналом того, что саудовское направление…

Үкімет 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын бекітті

Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында 2026–2030 жылдарға арналған боксты дамыту тұжырымдамасын…