«Реал Мадрид» футболшыларын Алматы әуежайы құрметпен қарсы алды

Түнде Алматыға мадридтік «Реал Мадридтің» футболшылары мен делегациясы келіп жетті. Испаниялық клуб 30 қыркүйекте Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші тур аясында «Қайратпен» кездеседі.

Әуежайда корольдік клуб ойыншыларын ерекше құрметпен қарсы алды: ұлттық аспаптарда Чемпиондар лигасының гимні орындалып, жүздеген жанкүйер өз кумирлерін қошеметпен қарсы алып, алдағы ойынға сәттілік тіледі.

Бұл сәт Алматыда өтетін тарихи матчқа деген қызығушылық пен футболға деген махаббаттың ерекше көрінісі болды.

сурет: видеодан скрин

Ұқсас жазбалар

Нью-Йорктегі зауыттағы жарылыстан 16 адам зардап шекті

Нью-Йорктегі кеме жөндеу зауытында жарылыс салдарынан 16 адам зардап шекті.

Алматы тауында адасқан турист: үш күн байланыссыз жүріп, аман қалды

Алматы облысында тауға шығып, үш күн бойы байланыссыз қалған турист құтқарылды. Ол 20 мамыр күні…

Қытай шахтасындағы жарылыс: 90 адам қаза тапты, іздеу жалғасуда

Қытайдың Шаньси провинциясындағы көмір шахтасында газ жарылып, 90 адам қаза тапты. Құтқару жұмыстары жалғасуда.