Қауіпті аймаққа көпқабатты үйлер салынып жатқаны депутат Бақытжан Базарбектің ашуын туғызды

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек елді естен тандырған мәлімдеме жасады: оның айтуынша, мектеп пен аурухана салуға үзілді-кесілді тыйым салынған қауіпті аумақтарда қазір еш кедергісіз көпқабатты үйлер бой көтеріп жатыр. Депутат бұл жерлер жер қыртысының жарықтары – тектоникалық разломдардың дәл үстінде екенін ескертті.

«Балаларға арналған мектеп салуға болмайтын жерге қалайша тұрғын үй кешенін тұрғызуға рұқсат береді?» – деп наразылық білдірді ол.

Базарбектің сөзінше, сейсмикалық қауіп карталары жылдар бойы еленбей, құрылыс саласындағы лоббилердің ықпалы басымдық алып келген. Ол министрліктен бұл мәселеге қатысты нақты әрі ашық жауап талап етіп, қауіпті аймақтарды құрылысқа біржола жабуды сұрады.

Депутат сондай-ақ осы аумақта тұратын азаматтардың көпшілігі өз үйлерінің жер сілкінісі қаупі жоғары аймақта орналасқанын білмей отырғанын айтты.

«Бұл — жай салақтық емес, халықтың өміріне төнген тікелей қатер», – деді Бақытжан Базарбек.

Сурет: orda.kz

Ұқсас жазбалар

Тоқаев пен Ердоған бизнес форумда: екі елге ортақ жобалар талқыланды

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия бизнес форумына қатысып, екі елдің іскер топтары бірлескен…

Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды: не өзгереді?

Премьер-министр Олжас Бектенов жеңіл өнеркәсіпті дамыту тәсілдерін қайта қарауды тапсырды. Бұл экономиканы әртараптандыру және отандық…

Тоқаев пен Ердоған: Шымкентте түрік университеті ашылады

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған кездесіп, Шымкентте Гази университетінің филиалын ашу туралы келісті.