Categories Саясат

Референдум қарсаңында тәуелсіз бақылаушылардың ақпараттық штабы жұмысын бастайды

Іс-шара 15 наурызда өтетін республикалық референдум күні штабтың жұмысын ұйымдастыру мәселелеріне арналады.
13 наурыз күні Алматы қаласындағы Қоғамдық коммуникациялар орталығының (ҚКО) алаңында тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының екінші брифингі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында штаб өкілдері дауыс беру күні қоғамды жедел ақпараттандыру және мониторинг жүргізу жүйесі қалай ұйымдастырылатынын таныстырады. Сонымен қатар еліміздің әртүрлі қалалары мен өңірлерінен тікелей эфирдегі қосылымдар жоспарланып отыр. Ол өңірлерде тәуелсіз бақылаушылар жұмыс істейді. Олардың қатарында заңгерлер, оқытушылар, студенттер, қоғам белсенділері бар.

15 наурыз күні штаб «дауыс берудің тірі картасын» ұсынуды жоспарлап отыр. Яғни, елдің әртүрлі аймақтарындағы сайлау учаскелерінен тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. Көрермендер тек ресми мәліметтермен ғана емес, сондай-ақ оқиға орнынан дайындалған репортаждармен, сайлаушылармен және ерекше локациялардан жасалған қосылымдармен де таныса алады.

Брифинг барысында штаб өкілдері өңірлік үйлестірушілермен өзара іс-қимыл, дауыс беру күніндегі жұмыс форматы, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтардың жаңартылған ақпаратты, тікелей эфирлер мен сараптамалық материалдарды нақты уақыт режимінде қайдан көре алатыны туралы да айтып береді.

Ұқсас жазбалар

ВВП Казахстана на душу населения превысил 17 тысяч долларов

Международный валютный фонд выпустил мировой экономический обзор за апрель. ВВП на душу населения в номинальном…

Премьер Индии Нарендра Моди призвал индийцев на год отказаться от покупки золота для свадеб и сократить импортное потребление

*Премьер Индии Нарендра Моди призвал индийцев на год отказаться от покупки золота для свадеб и…

Қазақстан мен Индонезия 13 жылдан кейін сауда-экономикалық байланысты жаңғыртты

Астанада 13 жыл үзілістен кейін Қазақстан мен Индонезия арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның екінші…