Categories Жайық news

Дәрігерді жұдырықтаған әйел: Қызылорда соты бір жылға бостандығын шектеді

Қызылордада кезекке тұрмай, дәрігерге жұдырық ала жүгірген әйелдің бостандығы бір жылға шектелді, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Іс материалына сәйкес, сотталушы дәрігердің қабылдау бөлмесіне кіріп, кезекті сақтауды сұраған медицина қызметкеріне тап берген. Ол дәрігердің жағасынан алып, жұдырықпен ұрған.

«Сотталушыға бір жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды», — деп хабарлады қалалық №2 соттың баспасөз қызметі.

Әйел Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 108-1-бабы, 2-бөлігі, 2-тармағы («Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру») бойынша кінәлі деп танылды.

Ұқсас жазбалар

Жайық бойында 11 мың киік қырылды: себебі не?

Қазақстанда 26 мың киік қырылды, оның 11 мыңы Батыс Қазақстан облысында. Себебі – ауа райының…

Оңтүстікте су тапшылығы: лимиттер қысқарды, халық не істеуі керек?

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде су тапшылығына байланысты су пайдалану лимиттері қысқартылды. Министрлік суды үнемдеуге шақырады.

12 мамырда ауа райы құбылмалы: Батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі

12 мамырда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: батыста шаңды дауыл, солтүстікте үсік күтіледі.