Categories Жайық news

Еліміздің басым бөлігінде қар жауып, боран соғады: 23 қаңтарға арналған ауа райы болжамы

23 қаңтар, жұма күні Қазақстанның басым бөлігінде қар жауып, боран соғады, ал солтүстік өңірлерде қаһарлы аяз сақталады, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, елордада күн бұлтты болып, қар жауады. Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде -24…-26°C, күндіз -19…-21°C болады.

Алматыда да қар жауады. Ауа температурасы түнде -8…-10°C, күндіз -1…-3°C аралығында болады. Шымкентте қар жауып, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түнде -6…-8°C, күндіз -3…-5°C суық.

Еліміздің солтүстігінде аяз күшінде қалады. Мәселен, Көкшетауда түнде сынап бағанасы -30…-32°C, күндіз -25…-27°C көрсетеді. Петропавлда түнде -33…-35°C-қа дейін аяз болса, Қостанайда түнде -32…-34°C, күндіз -27…-29°C суық болады.

Кейбір өңірлерде қатты жел соғады. Таразда жауын-шашынсыз, бірақ желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Түркістанда да қар жауып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады деп күтіледі.

Сондай-ақ Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей, Талдықорған, Қонаев және Өскемен қалаларында қар жауады. Ақтауда жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +3…+5°C дейін жылынады. Атырау, Жезқазған, Қызылорда және Орал қалаларында да күн ашық болады.

Фото: Depositphotos.com

Ұқсас жазбалар

ІІМ ата-аналарға ескерту жасады: балаларды қараусыз қалдырмаңыз

Ішкі істер министрлігі кішкентай балалардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды ескерту жасады. Ата-аналарды балаларын қараусыз қалдырмауға шақырды.

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…