Categories Жайық news

ҰҚШҰ кез келген қауіпке жедел әрекет ете алады — Иманғали Тасмағамбетов

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы (ҰҚШҰ) өзіне мүше елдердегі кез келген қауіп-қатерге тойтарыс бере алады. Бұл туралы ұйымның бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов Sputnik Қырғызстан агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеді.

«ҰҚШҰ-ның әскери әлеуетіне жедел ден қою күштері, бітімгершілік пен авиациялық бөлімшелер және өңірлік топтар кіреді. Бұл құрылымдар кез келген агрессияны тойтаруға және ықтимал тәуекелдерді жедел бейтараптандыруға жеткілікті», — деді Тасмағамбетов.

Ұйым басшысы атап өткендей, ҰҚШҰ терроризм, экстремизм, есірткі саудасы, заңсыз көші-қон, азық-түлік пен ресурстар тапшылығы, биологиялық және киберқауіпсіздік бағыттарындағы қауіптерге тұрақты түрде оқу-жаттығулар өткізеді.

«Бұл сын-қатерлерге қарсы тұру үшін мүше мемлекеттердің бірлескен іс-қимылы қажет. ҰҚШҰ бұл қауіптерді тиімді жоюға қажетті құралдардың барлығына ие», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Тасмағамбетов Еуропа әскері Украина аумағына кірсе, ҰҚШҰ Ресейге көмекке келуі мүмкін екенін мәлімдеген. Бұл мәлімдемеден кейін қоғамда қызу пікірталас туындап, кейбір белсенділер оны «ресейшіл» және «сатқын» деп айыптады. Желі қолданушылары қазақ жастарының соғысқа тартылуы мүмкін деген алаңдаушылық білдірген.

Тасмағамбетов бұл сындарға бейнеүндеу арқылы жауап берді.

Ұқсас жазбалар

ОБЛЫС ӘКІМІ МАЙДАНГЕРЛЕРГЕ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ҚҰТТЫҚТАУЫН ЖЕТКІЗДІ

Жеңіс күніне орай облыс әкімі Нариман Төреғалиев майдангерлердің шаңырағында болып, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мерекелік…

БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР БАТЫРЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ ЕТТІ

Бүгін өңір тұрғындары Жеңіс алаңына жиналып, Отан үшін от кешкен батырлардың рухына тағзым етті. Мәңгілік…

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…