Categories Жайық news

Оңтүстік Кореядағы зауыт өртенді: жоғалған қазақстандықты іздеу жұмыстары жүріп жатыр

Оңтүстік Кореядағы зауыттардың бірінде ірі өрт болып, салдарынан Қазақстан азаматы із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды Zhaiyqmedia ақпарат агенттігі.

Жергілікті БАҚ мәліметінше, оқиға 30 қаңтарда Солтүстік Чхунчхон провинциясының Ымсон уезінде болған. Қызыл жалын дымқыл майлықтар мен жөргектер шығаратын кәсіпорынды шарпыған.

Өрт шыққан сәтте ғимарат ішінде 83 жұмысшы болған, олардың 81-і сыртқа аман-есен шығып үлгерген. Алайда екі шетелдік қызметкер – 50 жастағы қазақстандық пен 20 жастағы Непал азаматы хабар-ошарсыз кеткен. Кейбір дереккөздер екінші жоғалған адамның Непал емес, Өзбекстан азаматы екенін жазуда.

Кейінірек құтқарушылар зауыттың баспалдақ маңынан бір адамның денесін тапты. Қазіргі уақытта марқұмның жеке басы анықталып жатыр.

Ал екінші адамды іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.

Фото: Әлеуметтік желіден

Ұқсас жазбалар

Ұлттық ұланда «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті

Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында елордадағы ҚР ІІМ Ұлттық ұланының 5573 әскери бөлімінде…

ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫНА ТЕМІР ТҰЛПАРЛАР ТАБЫСТАЛДЫ  

7 мамыр – Отан қорғаушы күніне орай облыстық полиция департаментіне су жаңа 81 көлік берілді.…

ЖЕЛ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛАДЫ  

Аймақта алғаш рет жел электр станциясы салынады. Маңызды жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңартылатын энергия…