Categories Жайық news

Орал қаласының әкімі Зачаган кенті тұрғындарының мәселелерін тыңдады

Бүгін Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Зачаган кентінің тұрғындарымен ашық форматта кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты – тұрғындардың өзекті мәселелерін тыңдап, оларды шешу жолдарын бірлесе талқылау болды.

Жиын барысында тұрғындар жол сапасы, қоғамдық көлік қозғалысы, аялдамалар орнату, жарықтандыру мен абаттандыру, көппәтерлі үйлердің күтімі сияқты бірқатар мәселелерді көтерді. Әкім барлық сауалдарға нақты жауап беріп, тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктеді.

Кент басшысының айтуынша, соңғы уақытта Зачаганда бірқатар жұмыстар жүзеге асқан. Атап айтқанда:

  • Үш жаңа балалар ойын алаңы орнатылуда;
  • Қаланың кіреберісіндегі арка жаңартылды;
  • Он сегіз жаңа аялдама павильоны қойылды;
  • Саябақтар абаттандырылып, субұрқақтар жөнделді, ағаштар егілді, газон төселді;
  • Кентішілік жолдар кезең-кезеңімен жаңартылуда;
  • Қаңғыбас иттерді аулау шаралары жүйелі жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуде;
  • Жаңа спорт алаңының құрылысы жүріп жатыр;
  • Көше жарықтандыру жұмыстары жалғасуда.

Кездесу соңында Мұрат Байменов тұрғындарды жеке қабылдап, олардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.

Ұқсас жазбалар

Rows of glowing red candles create a warm, peaceful ambience in the darkness.

Нидерландыда Жаңа жыл түнінде 2 адам қаза тапты, Амстердамда тарихи шіркеу өртенді

Нидерландыда фейерверктен екі адам мерт болды, ал Амстердамда тарихи шіркеу өртеніп кетті.

Тоқаев Швейцариядағы қайғылы оқиғаға байланысты Президентке көңіл айтты

Тоқаев Швейцария халқының қайғысына ортақтасып, ресми көңіл айту жеделхатын жолдады.

A serene snowy road through a winter forest lined with tall trees.

Алматы мен Астанада көктайғақ пен тұман болады: синоптиктер ескерту жасады

Қазгидромет дерегінше, 2 қаңтарда Астана мен Алматыда көктайғақ пен тұман күтіліп отыр.